Іле ауданының мүгедектері жаңа мамандықтарды игеріп, өз кәсібін ашуда

Алина Галымова
Алина Галымова
Журналист

ІЛЕ АУДАНЫ. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әртүрлі кәсіптерге оқытуға бағытталған «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы (ФМҚ) мен «Прогресс» политехникалық колледжінің бірлескен әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі.

Бүгінгі күні жоба бойынша ерекше қажеттіліктері бар 30 адам келесідегідей мамандықтар бойынша оқытылуда: тігінші, наубайшы, аспазшы, массаж маманы, аяқ киім тігу шебері, сабын қайнату шебері, компьютерлік сауаттылық. Кәсіби оқытуға қосымша білім алушылар арасында ақпарат және тәжірибе алмасу мақсатында шағын бизнесті дамыту мектептері мен қызығушылықтар бойынша клубтар ұйымдастырылды.

«Ерекше қажеттіліктері бар жандарды оқытудағы өз жеке тәжірибемнен оқыту процесінде оларда қоғамға қажеттілік, әлеуметтік іске асыруың маңыздылығы мен перспективаларын түсіну қалыптасатынын сеніммен айта аламын. Бұл жоба мүгедектерге қоғамның толыққанды мүшесі болуға, өз жолын табуға және пайдалы әрі қаржылай тәуелсіз болуға мүмкіндік сыйлайды», - дейді «Прогресс» политехникалық колледжінің директоры Жанна Телпекбаева.

Жобаны жүзеге асырудың 8 жылы ішінде ФМҚ 40 миллион теңгеге жуық қаржы бөлді. Осы уақыт ішінде 240 адам оқытылып, олардың барлығы сәтті жұмысқа орналасып, өз кәсібін ашқан.

Аталмыш бағдарламаның 60 түлегі «Мега» және «Спутник» сауда-ойын-сауық орталықтарындағы киім және аяқ киім жөндеу шеберханасында, Алматы қаласының есту қабілеті бұзылған адамдарға арналған өндірістік бірлестігінде және киім және арнайы киім тігу компанияларында қызмет атқарады. Ал 40 адам жеке кәсіпкер атанған.

Алматы облысының Іле ауданында 3 000-нан астам мүгедек тұрады, олар іс жүзінде жұмыспен қамтылмаған, олардың жалғыз табысы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру болып табылады.

Фото: TINFO