Талдықорған әкімдігі «Үздік кондоминиум басқару органы», «Үлгілі үй» және «Үздік аула күтуші» номинациялары бойынша қалалық конкурсын жариялады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Конкурсқа қатысу өтінімдері мен қағаз және электрондық тасымалдағышта фото материалдар 5 қыркүйектен бастап және 25 қыркүйектің 2019 ж. сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Е Р Е Ж Е Жалпы ережелер «Үздік кондоминиум басқару органы», «Үлгілі үй» және «Үздік аула күтуші» қалалық конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) «Қала күнін» мерекелеуге орай, қала тұрғындарының өмірлік белсенді көзқарасы мен азаматтық жауапкершілігінің қалыптасуына, олардың қоғамдық өмірге қатысуына, қаланың оң бейнесінің қалыптасуына ықпал ету, қаланың санитарлық ахуалы мен абаттануы мәселелеріне деген қызығушылықтарын жандандыру мақсатында өткізіледі.Конкурсты «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылғы 5 қыркүйек және 25 қыркүйек аралығында, «Талдықорған қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен бірлесе отырып өткізеді.1.3. Конкурсты өткізудің ұйымдастырушылық және әдістемелік қамсыздандыруын Талдықорған қаласы әкімі бекіткен комиссия жүзеге асырады.1.4. Осы ереже бұқаралық ақпарат құралдарында және Талдықорған қаласы әкімдігінің ресми сайтында және басқа да әлеуметтік желілерде жарияланады. Конкурс өткізудің шарттары 2.1. Конкурсқа тиісті конкурстық комиссияға өтінім берген қала тұрғындары, кондоминиум басқару органдары қатысады.2.2. Конкурсқа қатысу өтінімдері конкурстық комиссияға келесі мекенжайға жолданады: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 241 ғимарат, №207 бөлме, «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесі.2.3.Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:- «Үздік кондоминиум басқару органы»;- «Үлгілі үй»;- «Үздік аула күтуші». 3. Бағалау критерилері 3.1. «Үздік кондоминиум басқару органы», «Үлгілі үй» номинацияларының жеңімпаздары келесі критериялар бойынша анықталады (ең жоғары ұпай - 100):- тазалық ахуалы (ең жоғары 20 ұпай):көше (тротуарлар, қоғамдық көліктераялдамасы) - ең жоғары ұпай 10;аулалар - ең жоғары ұпай 10;- аула аумағындағы ағаштардың, бұталардың, көгалдардың, гүлзарлардың, кіші бақтардың және т.б. жасыл желектердің ахуалы: (ең жоғары ұпай 20 ең жоғары ұпай):абаттандыруы, гүлмен сәндеуі - ең жоғары ұпай 10; тазалауы (кесіп реттеуі) - ең жоғары ұпай 10;- қоқыс салғыштың болуы және жағдайы - ең жоғары ұпай 5;- жарық бағандарының жағдайы - ең жоғары ұпай 5;- ойын алаңының, балалар мен ересектер демалатын орындардың, кіші сәулет жабдықтарының, қоқыс алаңы менжәшіктерінің жағдайы, - ең жоғары ұпай 10;- қасбеттерінің жағдайы, үй сыртындағы нөмірлер мен белгілердің бар болуы - ең жоғары ұпай 10;- подъездердің және кіретін есіктерінің, жарық шамдарының жағдайы,- ең жоғары ұпай 10;- гараж-тұрақ шаруашылығының, автокөліктерді қоюға арнап дайындалған орындардың ахуалы, - ең жоғары ұпай 10;- денешынықтыру-спорт алаңдарының жағдайы, жабдықтардың (құрал-сайман) болуы, олардың ахуалы - ең жоғары ұпай 10;(конкурстық байқау кезінде кіші сәулет жабдықтар мен сыртқы құралдар бойынша орындалған жұмыстардың бүтіндігі мен сақталуының бұзылуына қатысты әрбір дерек үшін жасыл желектерді күтіп ұстау бағасы 1 ұпайға кемітіледі). 3.2. "Үздік аула күтушісі" номинациясының әлеуетті жеңімпаздары (ең жоғары ұпай - 90):- үй айналасының, жасыл желектердің, гүлдермен әшекейлеу жағдайы, соның ішінде:- үй ауласы мен айналасының тазалығы - ең жоғары ұпай 10;- көгалдарды жапырақтардан, қурайлардан,қоқыстардан арылтуы - ең жоғары ұпай 10;- гүлдермен сәндеу көлемі - ең жоғары ұпай 10;- жасыл желектер мен көгалдарды суғару - ең жоғары ұпай 10;- көгалдарды қолмен және көгалқырыққышпенқырқуы, - ең жоғары ұпай 10;- ойын, спорт алаңдарын, кіші сәулет жабдықтарын тиісті дәрежеде күтіп ұстауы - ең жоғары ұпай 10;- қоқыс салғыштарды, ауладағы қоқыс жәшіктері мен қоқыс алаңдарын жинауы, тазалауы және санитарлық өңдеуі - ең жоғары ұпай 10;- тротуар плиталарының, бордюр тастарының, үй іргесінің жиегі арасындағы шөптерді жұлуы, - ең жоғары ұпай 10;- орындықтарды, үй белгілері мен сыртқынұсқауларды сүртуі - ең жоғары ұпай 10;(конкурстық байқау кезінде кіші сәулет жабдықтар мен сыртқы құралдар бойынша орындалған жұмыстардың бүтіндігі мен сақталуының бұзылуына қатысты әрбір дерек үшін жасыл желектерді күтіп ұстау бағасы 1 ұпайға кемітіледі). Конкурсты өткізу тәртібі 4.1. Конкурсқа қатысу өтінімдері мен қағаз және электрондық тасымалдағышта фото материалдар 5 қыркүйектен бастап және 25 қыркүйектің 2019 ж. сағат 18.00-ге дейін қабылданады.4.2. Қалада үздік деп танылып ең жоғары ұпай иеленгендер конкурстың жеңімпаздары болып танылады. Конкурстың қорытындысын шығару 5.1. Конкурстық комиссия конкурс аяқталған күннен кейін, конкурстық комиссияның барлық номинанттарды аралауы нәтижесін есепке ала отырып, конкурстың қорытындысын шығарады.5.2. Комиссия отырыстарының шешімдері алқалы түрде қабылданып, хаттамамен рәсімделеді (дауыс берулер тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші құқық иеленеді). Хаттамаға комиссия төрағасы, хатшысы, және отырысқа қатысқан комиссия мүшелері қол қояды. Конкурстық комиссияның шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.5.3. Жеңімпаздар құрмет бағалы сыйлықтармен марапатталады.