2020 жылы Алакөл ауданында 8 өндіріс іске қосылады

TINFO
TINFO
Служба новостей

Бұл туралы аудан әкімі Әлібек Жақанбаев мәлімдеді.

Өңір басшысының айтуынша, келесі жылы «Алакөл Агро» серіктестігі құны 700 млн теңгені құрайтын  5 000 басқа арналған ұсақ мал және 1,9 млрд теңгені құрайтын «Қайыңды» серіктестігі 20 000 басқа арналған ірі қара малын  бордақылау алаңын қолданысқа беруді жоспарлап отыр.

Сонымен бірге, «Қайыңды» серіктестігі қуаттылығы күніне 20 тонна ет өңдеу цехін, «Голд ФИШ» серіктестігі  1,5 тонна балық өнімін өндіретін балық өңдеу зауытын іске қосады.

2020 жылға қарай жылына 5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін «Алакөл май» серіктестігінің май өңдеу зауытын қайта жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар «Дидар и К» серіктестігінің итальяндық технология бойынша ұн тарту кәсіпорны, «Себепов» серіктестігінің темір бетон өнімдерін шығару кәсіпорны және «Лепсинск өнімі» серіктестігінің джем, варенье шығаратын желісі іске қосылады.  

Фото: Интернет.