Новости

На 12 дней отключили горячую воду в Талдыкоргане

В областном центре с 12 августа по 23 августа будет отключена горячая вода, передает сетевое агентство TINFO. По сообщению акимата, горячая воду отключат в связи подготовкой отопительному сезону для проведения профилактических работ. Подключение горячей воды в городе планируется 23 августа. Акимат просит извинения за доставленные неудобства. Фото: Интернет.

Алматы облысының салық қызметкерлері футбол ойнап, теннистен жарысты

Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғанына 5 жыл толуына орай «Болашақ» стадионында облыстық департамент қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Бірнеше спорт түрлерін қамтыған сайыс  Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында болды. Салтанатты жиында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің орынбасары Данияр Мәулетов пен Алматы облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайыс нәтижесі бойынша жүлделі орындар төменгідей бөлінді: Шағын футболдан: I орын - Достық құрамасы (Сарқан ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, «Достық» кеден бекеті.) II орын - Жетісу құрамасы (Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, «Алтынкөл»  кеден бекеті) III  орын - Жаркент құрамасы («Нұр жолы» кеден бекеті, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы) Үстел теннисінен ерлер арасында: I орын - Сыздықов Марат («Нұр жолы» кеден бекетінің  бас маманы) II орын - Кибираев Айбол (Қапшағай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы) III орын -Садуақасов Қайрат (Алакөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы) Үстел теннисінен  әйелдер арасында: I орын - Ахметжанова Жұлдыз (Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы) II орын - Қойайдарова Жанар (Кербұлақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы) III орын - Әлімбаева Ардақ (Көксу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы) Бильярдтан: I орын - Сұлтанбеков Көпжасар (Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы) II орын - Байшигашев Болат (Кербұлақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы) III орын - Жұмағұлов Нұрлан («Нұр жолы» кеден бекетінің бас маманы) Шахматтан: I орын - Зауренбеков Өмірсерік («Достық» кеден бекеті басшысының орынбасары) II орын - Важитов Руслан (Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы) III орын - Ушбаев Малик (Қапшағай қаласының мемлекеттік басқармасының бөлім басшысы) Шағын футбол бойынша арнайы  номинациялары: Ең үздік қорғаушы -  Жадранов Шыңғыс («Достық» кедені жетекші маманы) Ең үздік қақпашы – Сақанов Алтай («Алтынкөл» кеден бекетінің жетекші маманы) Ең үздік шабуылдаушы – Түстебаев Құлжабек («Нұр жолы» кеден бекетінің бас маманы). Фото: Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті.

Жетісу құрылысшылары марапатталды

10 тамыз күні құрылысшылар күніне арналған салтанатты жиында облыс әкімі Амандық Баталов сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік құрылысшыларға марапат тапсырды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Құрылыс пен сәулет өнері – ең көне кәсіптердің бірі, заманымыздың маңызды да құрметті мамандығы. Қоғам өзгеріп, дамыған сайын бұл мамандыққа деген қажеттілік күн санап артып келеді. Соған сәйкес құрылыс индустриясы да жылдан жылға дамып, жетіле түсуде. Осы орайда құрылыс саласында еңбек етіп жүрген сәулетші, жобалаушы, инженер, тас қалаушы, сылақшы сияқты тағы басқа көптеген кәсіп иелерінің әрқайсысы экономикамыздың дамуына, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына зор үлесі қосып отыр. Алматы облысының, соның ішінде облыс орталығы Талдықорған қаласының келбеті, сәні мен сәулеті артып, ерекше көз тартады. Облыс аумағындағы әсем ғимараттар, қолайлы жолдар, жаңадан бой көтерген шағын аудандар, жасыл желекті саябақтар – осының бәрі де сіздердің еселі еңбектеріңіздің жемісі. Оның игілігін бүгінде халық көріп отыр. Сол үшін сіздерге барша жетісулықтардың атынан ризашылығымды білдіремін», - деді Амандық Баталов өз құттықтауында. Сонымен қатар облыстағы құрылыс саласының даму бағыттары, соның ішінде «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының орындалуы, әлеуметтік нысандар тұрғызу, жол жөндеу мен салу, инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту шараларына да кеңінен тоқталып өтті. Мәселен, биылғы жылы құрылыс саласына 101,3 млрд теңге бөлінген. Биылғы жылы 784,5 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланса, соның 364,8 мың шаршы метрі бірінші жартыжылдықта пайдалануға берілді. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржылай қолдаудың арқасында биылғы жылы 8 білім беру мекемесі, 10 денсаулық сақтау нысаны, 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, ішкі істер органдарының 18 нысаны пайдалануға берілетін болады. Елбасының 5 әлеуметтік бастамасында айтылған студент жастарды жатақханамен қамту тапсырмасына сәйкес облыста 1930 орындық құрылысы жоспарланған. Облыс әкімі облыс көрсеткіштеріне тоқтала келе, өңір құрылысшыларының жаңадан құрылған Райымбек ауданын көркейтуге, Арыс қаласын қалпына келтіру ісіне өз үлестерін қосып жатқандарын да тілге тиек етіп, барша құрылысшыларға мықты денсаулық, толағай табыс, еңбекте жетістіктер тіледі. Өз құттықтауынан кейін Амандық Ғаббасұлы құрылыс саласының үздік мамандарын марапаттады. Атап айтқанда, бірқатар мемлекеттік мекемелердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметкерлеріне «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және облыс әкімінің Құрмет грамоталары және алғыс хаттары табысталды. Мұнан соң Алматы облысының Құрметті азаматы Оралбек Жақиянов, «Алматы Prodaction Construction & Invest» ЖШС атқарушы директоры Нұрсұлтан Жұмабек, «НСК Астана Құрылыс» АҚ президенті Қайрат Сандықпаев, «Талдықорған жолдары» ЖШС техникалық өндіріс бөлімінің жас маманы Алмас Ақжалбеков әріптестерін төл мерекелерімен құттықтап, лебіздерін білдірді. Мереке соңында концерттік бағдарлама ұсынылып, танымал эстрада әншілері мен облыстағы өнер ұжымдары сахнада өз өнерлерін көрсетті. Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шекарашылар эстафетасы Текеліге жетті

Биыл ҚР Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметіне 27 жыл.  Осы орайда Текелі қалалық мәдениет үйінің алдында ұйымдастырылған іс-шарада  эстафета мүсіншесі Жаркент шекара отрядының 2091-әскери бөлімінен Текеліге салтанатты түрде жеткізілді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. Жаркенттік шекарашы аттылар кәсіби мереке қарсаңында әріптестеріне құрмет көрсетіп, ту ұстап, эстафета нышанын табыстады. «Шығыс» өңірлік басқарма басшысы Жәнібек Төлебаевтың бастамасымен алғашқы рет осындай атты эстафета өткізіліп отыр. Эстафета құрамында "Шекара жүректері" аспапты-әскери ансамблі, әйелдер кеңесі және әскери медициналық қызметтен де қатысушылар бар. Шекараны тек әскери қызметтегілер ғана емес, халық та бірге күзетіп, бірге қорғайды емес пе? Сол себепті де бұл шараның негізгі мақсаты - халық пен шекара қызметінің байланысын күшейту. Сондай-ақ, жастарға осы бір ер азаматтарымызды үлгі, өнеге ретінде көрсету, сол арқылы олардың бойында патриоттық сезімді ояту болып табылады», - деп атап өтті ұйымдастырушылардың бірі Лаура Батырханова. Шара барысында Текелі қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Мәдениет үйінің алаңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, әскерилер оркестері және қалалық Мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, түрлі аспаптарда өз өнерлерін көрсетті. Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі.

110 пожарных постов создадут в отдаленных селах Алматинской области

В Алматинской области в населенных пунктах, где отсутствует государственная противопожарная служба создаются пожарные посты, передает сетевое агентство TINFO со ссылкой на пресс-службу ДЧС.    Как отметили в ДЧС, многие населенные пункты Алматинской области расположены на значительных расстояниях от районного центра и очень зависимы от пожарных частей государственной противопожарной службы в плане транспортной доступности. В случае возникновения пожара, пожарным важна каждая минута, чтобы оперативно и с минимальным ущербом ликвидировать очаг возгорания. Для этого акиматом Алматинской области  разработан и утвержден поэтапный План создания пожарных постов в отдаленных населенных пунктах. «В целях реализации плана поэтапного создания пожарных постов в населенных пунктах, где отсутствует государственная противопожарная служба на оды на территории Алматинской области планируется создать 111 пожарных постов», - отметили в ДЧС. В 2019 году по данному плану будет создано 20 пожарных постов в нижеперечисленных  районах и городах области: в Жамбылском районе – 2 (с. Каргалы, с. Мынбаева); в Талгарском районе – 1 (с. Кызылту); в Енбекшиказахском районе – 8 (с. Корам, с. Орикты, с. Каракемер, с. Ават, с. Байтереке, с. Кызылшарык, с. Казахстан, с. Малыбай); в Панфиловском районе – 1 (с. Баскунши); в Илийском районе – 2 (с. Караой, с. М. Туймебаев); в Уйгурском районе – 1 (с. Шарын); в Аксуском районе – 1 (ст. Матай); в Балхашском районе – 1 (с. Топар); в Ескельдинском районе – 1 (с. Бактыбай); в Кегенском районе – 1 (с. Жаланаш); в г. Капшагай – 1 (с. Шенгельды). «В ближайшее время планируется открытие поста в Ескельдинском районе. Данный пожарный пост оснащен специальным оборудованием и снаряжением. Дежурство будет вестись на посту по сменам из числа добровольных пожарных, которые будут определены местными исполнительными органами», - добавили в пресс-службе ведомства. Фото: Пресс-служба ДЧС Алматинской области.

Алматы облысында «Парасаттылық мектебі» құрылады

Жаңа оқу жылынан бастап өңірдегі барлық білім ошақтарында «Парасаттылық мектебі» жұмысын бастайды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Мекеме жас буынды сыбайлас жемқорлыққа қарсы дұрыс үгіттеп, адалдыққа үйретпек. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында жоба жетекшілері мәлімдеді. Бастама «Жетісу адалдық алаңы» аясында жүзеге асады. Қазіргі таңда білім саласында «Парасаттылық лагері» жүріп жатыр. Ол бойынша Жетісулық 32 000 мыңнан аса жеткіншек демалыс орнымен қамтылған. Сондай-ақ облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жыл басынан бері 100-ден аса шара ұйымдастырған. Фото: Интернет.

Биыл Талдықорғанда Айт намазы «Иман» мешітінің ауласында ғана оқылады

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірлік өкіл имамы 2019 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатынын айтты. Бұл туралы Алмас Данағұлов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындау» деген ұғымдарды білдіреді. Мұсылман баласы айт күні құрбандық шалу арқылы Аллаға деген ақ ниетін паш етеді. Өйткені, Алла Тағала қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нәрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалықтарың (шынайы ниеттерің)» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп адал ниеттің маңыздылығын атап өткен. Айт күні жағдайы бар кісілер құрбан шалып, оны қараусыз қалған қариялар мен жетімдерге, көпбалалы отбасыларға таратып, сауап алуға тырысады. Осыған орай Талдықорған өңірлік өкіл имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлы отандастарды айт күндері мал бағасын өсірмеуге шақырып, пайдаға емес, сауапқа бөлену маңызды екендігін еске салды. Енді құрбандыққа шалынатын мал турасында. Қой, ешкі, сиыр және түйеден құрбандық шалуға болады. Басқа жануарлардан құрбандық шалуға болмайды. Қой-ешкі 1, сиыр 2, түйе 5 жастан асқан болуы керек. 6 айдан асқан қозы ірі болса құрбандыққа шалуға болады. Бір көзі соқыр, ақсақ болып жүре алмайтын, тістерінің жартысы жоқ, құлағының немесе құйрығының басым бөлігі жоқ, бір аяғы шолақ немесе өлейін деп тұрған ауру малды құрбандыққа шалуға болмайды. Бір мүшесі сүйегінің бірінші буынына дейін мысалыға аяғы тізесіне дейін сынған (жұлынған) малдан құрбандық шалуға болмайды. Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату- мұстахап. Бір бөлігі - туған-туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады, екінші бөлігі - кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі - өзінің отбасына, бала-шағасына тиесілі. Бірақ шалынған малдың етін түгелдей кедей-мұқтаждарға таратуға да болады. Егер құрбандық шалған адам аса дәулетті болмаса және отбасында адам саны көп болса, онда құрбандықтың етін түгелдей өзінің отбасына да қалдыра алады. «Биыл Қазақстан бойынша тұңғыш рет Құрбан айт намазын Талдықорған қаласында бір жерде ғана оқуды жоспарлап отырмыз. Яғни, бір ғана орында, бұл облыстық орталық «Иман» мешітінің ауласында оқылады. Негізі шариғат бойынша Құрбай айт намазы мешіттің сыртында оқылады. Жалпы дұрыстығы бір жерде оқу»,-деді «Нұр» мешітінің бас имамы Алмас Данағұлов. Сондай-ақ, жылдағы дәстүр бойынша  айтулы мерекеге орай бірнеше мәдени, спорттық шаралар ұйымдастыру көзделген. Мұндағы негізгі мақсат – «Құрбан айт» мерекесінің дәрежесін көтеру. Сонымен қатар, Талдықорған қаласында «Құрбан айт» мерекесінің құрметіне орай қоғамдық көліктер тұрғындарға тегін қызмет көрсететін болады.Фото: Интернет.

Полицейские нашли пропавшую без вести Дану Цейзер

Полицейские Алматинской области разыскали пропавшую без вести 19-летнюю Дану Цейзер, сообщает сетевое агентство TINFO со ссылкой на Департамент полиции. Пропавшую девушку разыскивали с 5 августа полицейские, волонтеры и ее родные. Буквально вчера вечером девушка найдена в поселке Байсерке Илийского района, где она проживала в съемной квартире со своим супругом. Полицейскими установлены обстоятельства ее исчезновения, в результате чего в отношении ее супруга было возбуждено уголовное производство. «С заявлением в полицию об исчезновении Даны Цейзер обратился ее супруг. Розыскные мероприятия проводились силами районной полиции, к которым также были подключены оперативники областного Департамента и волонтеры. В итоге выяснилось, что девушка никуда не пропадала, а просто переехала в соседний поселок, где продолжала проживать вместе с супругом, который намеренно ввел правоохранителей в заблуждение. Что послужило этому причиной будет установлено в ходе расследования, возбужденного по факту заведомо ложного доноса» - сообщили в пресс-службе ДП Алматинской области. Досудебное расследование, предусмотренное ст.419 УК РК «Заведомо ложный донос», начато и проводится следователями Илийской районной полиции. Родным Даны Цейзер уже сообщено о местонахождении девушки. Полиция Алматинской области благодарит всех, кто оказал содействие в поисках пропавшей без вести девушки. Фото: Интернет.  

Мемлекеттік кірістер департаменті қызметін қорытындылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Төлеген Сәрсембаев 2019 жылдың 1 жартыжылдық қорытындысын жариялады, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Төлеген Сәрсембаев Мемлекеттік кірістер комитетініне биыл 5 жыл толып отырғанын атап өтті. «Егер 2015 жылы мемлекеттік бюджетке 253,4 млрд теңге жиналса, бүгінгі күні 2019 жылдың І жартыжылдығында 228,4 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджетке 126,8 млрд теңге және жергілікті бюджетке 101,6 млрд теңге түсім қамтамасыз етілді. 2019 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік бюджетке кірістер бойынша жоспар 103,8% -ға орындалды және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 32,3% - ға немесе 55,7 млрд теңгеге артық. Ағымдағы жылы кедендік төлемдердің 36,8 млрд теңгеге немесе 302,8% өсуі қамтамасыз етілді», - деп атап өтті департамент басшысы. Қызмет көрсетудің электронды форматқа көшуі де бюджетті нығайтуға септігін тигізуде. Қазіргі таңда бұл жүйені тұтынушылар саны артып отыр. Мемлекеттік кірістер органдары 45  мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді, оның ішінде 28-і салық бағыты бойынша және 17-сі кеден бағыты бойынша. Департамент мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету үлесін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Жалпы қазіргі таңға дейін 874 330 мемлекеттік қызмет, олардың 776 085 немесе 88,5% электронды түрде көрсетілді. Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі. Мемлекеттік кірістер департаменті алдағы уақытта да мемлекеттік бюджет жоспарын орындау бойынша қойылған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін тиімді салықтық және кедендік бақылаудың барлық шараларын қолданады. Фото: Мемлекеттік кірістер департаменті.

26-летнего «извращенца» поймали полицейские Илийского района

Полицейскими Илийского района задержан 26-летний мужчина, который своими неадекватными действиями пугал женщин и детей в одном из дачных массивов, передает сетевое агентство TINFO со ссылкой на Департамент полиции Алматинской области. В конце июля в социальных сетях распространилось видео и информация о мужчине, который в одном из дачных массивов якобы преследует женщин, перед которыми обнажает половой орган, онанирует, а затем скрывается. Автор поста успела издалека снять на видео «извращенца» и обратилась в полицию с официальным заявлением. «Видео оказалась не совсем качественным, тем не менее по факту были организованы оперативно-розыскные мероприятия, направленные на установление подозреваемого. В целях профилактики в указанном дачном массиве также усилили патрульные наряды. На днях сотрудникам Илийской районной полиции удалось установить и задержать 26-летнего жителя поселка Отеген батыра, которого опознала заявительница. Мужчина признался и попытался оправдаться тем, что находился в состоянии алкогольного опьянения» - сообщили в пресс-службе ДП Алматинской области. Сейчас задержанный «эксгибиционист» привлекается к ответственности за мелкое хулиганство. В свою очередь, жители дачного поселка сразу же выразили благодарность полицейским в поимке «извращенца», разместив соответствующий пост в соцсетях. В областной полиции заверили, что задержанный мужчина будет в обязательном порядке проверен на причастность к другим зарегистрированном в районе правонарушениям и преступлениям.Фото: Интернет.

Асқат Қалиасқаров Талдықорған әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Талдықорған әкімінің орынбасары болып Асқат Қалиасқаров тағайындалды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі. Қала әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқат Мейрамғалиұлы 1973 жылы Алматы облысы Сарқан ауданы Бақалы ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Сарқан ауданындағы «Мұқан» шаруа қожалығында есепші болып бастаған. 2001-2007 жылдары Сарқан ауданы бойынша салық комитетінде инспектор, бөлім басшысы қызметтерін атқарды. 2007-2009 жылдары «Достық» кеденінде қызметте болды. 2009-2010 жылдары Сарқан ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары, 2010-2011 жылдары Ақсу ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, ал 2011 жылдан осы уақытқа дейін Қаратал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген. Фото: Талдықорған әкімінің баспасөз қызметі.

Ехала за дипломом и пропала: беременную девушку ищут в Алматинской области

В Илийском районе без вести пропала 19-летняя беременная девушка, сообщает сетевое агентство TINFO со ссылкой на пресс-службу ДП региона. По словам матери девушки, пропавшая Дана Цейзер собиралась в город за дипломом, но до учебного заведения в тот день так и не доехала. Дана вышла из дома рано утром 5 августа в поселке ГРЭС и собиралась ехать на Саяхат. Девушка училась на кондитера, но не получила диплом вовремя из-за проблем со здоровьем. Кроме того, Дана находится на шестом месяце беременности. Роза рассказывает, что ее дочь видели с некой девушкой, предположительно, подругой. Дана обычно снимала пенсию бабушки и дедушки, так же она поступила и в этот раз перед тем, как отправиться в Алматы. Мама Даны отмечает, что при себе у нее могло быть около 130 тысяч тенге. "Часа в 4 вечера бабушка забила тревогу - Дана не вернулась домой. Мы позвонили ей - телефон отключен, и он отключен до сих пор. Позвонили в колледж - там сказали, что она не приходила, ее диплом никто не забирал. Дана живет с мужем и моими родителями, обычно она предупреждала, даже если задерживалась на пять минут", - говорит Роза Шевченко. Дана Цейзер была одета в белую футболку и синие джинсовые шорты, на ногах были джинсовые слипоны. Рост примерно 165 см, глаза карие, стрижка до плеч, волосы темные. Девушка беременна. Мама Даны просит обращаться по номеру 8-705-806-52-52 всех, кто что-либо знает о местонахождении ее дочери. "Заявление сегодня поступило в Илийскую районную полицию (через канцелярию). Розыскные мероприятия проводятся силами районной полиции, к которым также подключены оперативники областного Департамента", - сообщили в Департаменте полиции Алматинской области. Фото: с открытых источников.

Гостиницу, сливавшую грязную воду в Алаколь могут закрыть

По факту сброса сточных вод в Алаколь Департамент экологии по Алматинской области провел внеплановую проверку в отношении ТОО "ALMATRADEGROUP", сообщает сетевое агентство TINFO со ссылкой на Zakon.kz. «Сброс осуществлялся с незаконно монтированных труб от двух бассейнов (детский и взрослый), расположенных на берегу озера. Департаментом изучены документы предприятия и отобраны пробы воды в местах сброса. По результатам проверки установлены нарушения в части осуществления сброса сточных вод без соответствующего заключения экологической экспертизы и разрешения на эмиссии в окружающую среду. За допущенные нарушения экологического нарушены наложены административные штрафы, выдано предписание о демонтировании труб, через которых осуществлялся сброс сточных вод. Также, определяется сумма ущерба, нанесенного окружающей среде», - сообщили в пресс-службе министерства. Также Департаментом экологии по Алматинской области будет инициирован иск в суд о приостановлении деятельности предприятия. «Хотим сообщить, что качество водных ресурсов находится в стабильном состоянии, угрозы окружающей среде не наблюдаются. Департамент экологии по Алматинской области совместно с филиалом РГП "Казгидромет", санитарно-эпидемиологической службы продолжает проводить мониторинг воды», - отметили в ведомстве. Фото: Интернет.

Алматы облысында әкімдер кабинеттерін «Open space» форматына ауыстырып жатыр

Өңірдің қала және ауыл әкімдері кең кабинеттерін «Open space» форматына ауыстырды, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департаментіне сілтеме жасап. Қазіргі таңда Қаратау ауданының Үштөбе қаласының әкімі, Кербұлақ ауданынынң Сарыөзек аулының әкімі, Панфилов ауданы Жаркент қаласының әкімі және Айдарлы ауылдық округінің әкімі өз кабинеттерін жаңа форматқа сәйкес ауыстырды. Сонымен бірге облыстағы 29 мектеп директоры осындай форматтағы кабинеттерде жұмыс атқаруда. «Open space» форматы мемлекеттік қызметшілер мен халық арасындағы кедергілерді алуға және бір мезгілде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік беретін негізгі құралдардың бірі болып табылады. «Жетісу – адалдық алаңы» жобасы аясында бастау алған бұл жоба облысымызда кеңінен қолданылып келеді», - дейді департаментте. Ағымдағы жылдың тамыз айның аяғына дейін облысымыздың бірқатар орта білім беру мекемелерінің директорлары аталған форматтағы кабинеттерге көшеді. Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент.

Сагинтаев и Баталов будут совместно решать проблемы жилья и занятости в регионах

Об этом стало известно в ходе совещания по вопросам межрегионального взаимодействия в городе Алматы с участием главы мегаполиса Бакытжана Сагинтаева и акима Алматинской области Амандыка Баталова, сообщает сетевое агентство TINFO со ссылкой на акимат Алматы. Главы регионов определили проекты, где город и область будут двигаться синхронно, а также проблемы, которые будут решать совместно. «Главная цель – обеспечить комфортные условия для проживания и работы для жителей мегаполиса и прилегающих областных территорий», - говорится в сообщении. На встрече были озвучены решения на ряд проблем. В частности в дальнейшем будут совместные проекты по строительству доступного жилья на территории области для очередников-алматинцев. «Продовольственное обеспечение Алматы. Алматинская область может и должна стать главным поставщиком сельхозпродукции для города, тогда как сегодня областными фермерами обеспечивается меньше половины потребности мегаполиса. Два акимата – города и области, отработают вопросы прямого сбыта и поставок продовольствия», - отметили в ходе встречи. Кроме того, обсуждены вопросы транспортной, дорожной, инженерной инфраструктуры, обеспечения занятости и создания рабочих мест. Фото: Акимат г. Алматы.

Цифра дня – Свыше 5 тысячам предпринимателям Алматинской области списали штрафы и пени

По информации Департамента государственных доходов Алматинской области, по состоянию на 1 августа 2019 года по Алматинской области погасили свою недоимку по налогам 5 136 субъектам малого и среднего бизнеса на общую сумму 532,2 млн тенге, по ним списаны пени на сумму 106,9 млн тенге и штрафы на 22 млн тенге, сообщает сетевое агентство TINFO. Напомним, что с 1 января 2019 года вступил в силу закон, предусматривающий проведение налоговой амнистии для субъектов малого и среднего бизнеса. По предварительным данным под амнистию подпадает 9 608 субъектов среднего и малого бизнеса, которые по состоянию на 1 октября 2018 года имеют налоговую задолженность в размере 5 176 млн тенге.

Талдықорғандық 525 балаға киім таратылды

Талдықорған қаласындағы аз қамтылған, мүгедек, жетім және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды TINFO желілік агенттігі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталмыш көмек Талдықорған қаласының әкімдігі мен «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қорының арасында ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүргізілді. «Бұл акция Талдықорған қаласы әкімдігі мен «Niyet Charitable Foundation» қоғамдық қоры арасындағы ортақ келісім аясында іске асып отыр. Біз меморандумға қол қояр кезде көмекке мұқтаж жандарға 5000 мыңға дейін киім таратамыз деп келіскен болатынбыз. Қазіргі уақытта келісілген киімдердің 2600 данасы Талдықорған қаласына келді. Бүгін соның алғашқы легінде 525 балаға таратқалы отырмыз», - деді қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов. Бұл көмек Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мекемесінде тіркеуде тұрған балаларға беріліп отыр. Қайырымдылық шарасының бірінші кезеңінде 112 отбасыға, соның ішіндегі 525 балаға киім-кешектер таратылды. Таратылған киімдердің дені күздік және қыстық қиімдер. Мұнда әр балаға жеке-жеке мән беріліп, киім дене мөлшеріне лайықтандырылып беріліп отыр. Мұндай қайырымдылық шарасына келген ата-аналар да дән риза.  «Жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның бағдарламаларын қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қолға алып, Талдықорған қаласында бірінші рет ауқымды шара ұйымдастырып жатыр. Бұл дегеніміз біз секілді аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға үлкен көмек. Мен ата-аналардың атынан Сіздерге алғыс айтамын. Істеріңіз ретті болсын!», – деді Гүлбану Рахымқызы. Шаһар басшысы бұл акция жуырда өз жалғасын табатынын атап өтті. Сондай-ақ, Ғалымжан Райылұлы жылыту маусымында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылардың үйіне көмір тарату жоспарда бар екендігін айтты. Фото: Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Алакөлде жас жұптар жарысқа түсті

Алакөл ауданының туризм саласын дамыту мақсатанда Алматы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Alakol TV» ақпараттық-танымдық телестудиясының ұйытқы болуымен көл жағалауында орналасқан Ақши ауылы, «Аяжан» демалыс орнында «Alakol Life» реалити-шоуы жалауын желбіретті. Аталмыш іс-шараға Алматы, Талдықорған қалалары мен Алакөл, Сарқан аудандарының жұптары қатысты. Олардың басты міндеті бір-бірлеріне деген сенім мен сезімнің арқасында байқаудың бас жүлдесін иемдену болды. Үш күнге созылған шараның әр тәулігі таңғы жаттығумен басталды. Бұл алдағы сайыстарға сақадай дайындық пен сергектік сыйлау үшін жасалған дүние. Жұптар арасындағы жарыс екі кезеңге бөлініп, қатысушылар алдымен демалыс орнының аумағында сайысқа түсті. Бұл жердегі додалар «Жұптар жарасымы», «Тәтті дәурен», «Терең тыныс», «Кім мерген?», «Ойлан тап», «Тапсырма хат» сынды арнайы бөлімдерден тұрды. Тарқата кетсек, «Жұптар жарасымы» бөліміне қатысушыларға серігі жайында сұрақтар қойылып, олардың өз жұптарын жіті танулары таразы басына түсті. Келесі төрт бөлім үміткерлердің көңілін көтеру мен жұптық жұмыстың маңызылығын көрсетуге бағытталды. Ал соңғы «Тапсырма хат» сынында қатысушылар қарсыластарына арнайы тапсырма беріп, олардың сол міндетті орындау шеберліктері сараланды. Екінші кезең көл бойындағы көңілді сайыстармен жалғасын тапты. Бұнда жас жұптар алдымен «Кім бірінші?» атты сында көлден су тасып, арнайы ыдысты толтырса, «Кім жүйрік?» кезеңінде катамарандарды тізгіндеген жастар белгіленген межеге дейін жарысып, мәреден бірінші көріну үшін барларын салды. Сонымен қатар «Селфи» кезеңінде қатысушылар арнайы уақыт ішінде демалушыларме ең көп селфи жасау бойынша тартысқа түсті. Ал бұл додалардың ең қызықтысы жұптар арасындағы арқан тартыс болды. Артынша жас жұптар су көліктеріне отырып, күннің қалған бөлігін көл бетінде өткізді. Сайыстың соңғы күні Алматы облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Жайық Тазабекұлы арнайы келіп, марапаттау рәсіміне қатысты. Жұптар жарысының қорытындысы бойынша Арнай Жәнібек пен Мадина Мауленова үшінші орынға жайғасты. Ал ең көп ұпай жинаған екі жұп тең түсіп, «Қомағай» кезеңінде бас жүлдені сарапқа салды. Сөйтіп, екінші орынға Ерлан Мұқатай мен Қымбат Тілемісова ие болса, байқаудың бас бәйгесі жуырда ғана шаңырақ көтерген Ғабит Сабитұлы мен Жібек Кәрімнің жанұясына бұйырды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтар табысталды.

Ескелді ауданында 4 көпбалалы отбасы қоныс тойын тойлады

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының​ бірінші бағыты бойынша көпбалалы жанұяларға тұрғын үй сатып алу үшін Ескелді ауданына 50,0 млн.теңге бөлінген болатын. Оның ішінде 34,0 млн.теңге республикалық, қалған 16,0 млн.теңгесі облыстық бюджеттен. Аталмыш бағдарламның аясында Ескелді ауданына қарасты Қарабұлақ, Сырымбет, Бақтыбай, Ақын Сара ауылдарынан көпбалалы отбасыларға 4 тұрғын үй берілді. Аудан әкімі Рауан Рақымбеков баспаналы болған отбасыларды қуаныштарымен құттықтап, 5 бала өсіріп отырған ана Бибігіүл Бектурова, 4 бала тәрбиелеп отырған Аида Молдыбаева, 6 бала тәрбиелеп отырған Жанар Акилбаева және 5 бала өсіріп отырған Каукер Каримова атты көпбалалы аналарға үйдің кілтін табыстады. Үлкен қуанышқа жетіп отырған отбасылар аудан әкіміне алғыс айтып, жауапты жұмыста табыс тіледі.

Задержанный в Талдыкоргане пьяный водитель оказался автоугонщиком

По сообщению пресс-службы ДП Алматинской области, в качестве подозреваемого автоугонщика в материалах уголовного расследования выступает 33-летний житель Коксуского района, задержанный полицейскими на окраине Талдыкоргана, передает сетевое агентство TINFO. Мужчина находился за рулем автомашины «Ниссан Цефиро» и по результатам медицинского освидетельствования оказался в средней степени алкогольного опьянения. «У задержанного не оказалось при себе каких-либо документов, в связи с чем его поместили в медвытрезвитель, а машину отправили на штрафстоянку. На следующее утро в полицию обратился 58-летний талдыкорганец, заявивший об угоне автомашины той же марки и теми же госномерами. Автомашина сейчас возвращена законному владельцу, а задержанный угонщик уже доставлен в полицию Талдыкоргана» - сообщили в пресс-службе. По факту неправомерного завладения автомобилем возбуждено и проводится досудебное расследование. Подозреваемому грозит уголовное наказание – до двух лет лишения свободы. «В целом с начала года в регионе зарегистрировано 138 фактов угонов автомашин. 95 автомобилей удалось отыскать и возвратить законным владельцам. Задержаны и привлечены к уголовной ответственности 84 автоугонщиков» - дополнили в областной полиции. Фото: Интернет.